«Сайрам» музейі в Чимкенте — 31 декабря 2026
Все даты «Сайрам» музейі →Сообщить о новых предложениях
Оставьте e-mail — сообщим, если появится новое предложение.
Посмотреть другие даты →«Сайрам» музейі
Көрменің жұмыс кестесі: Дүйсенбі-жұма 09.00–18.00; Сенбі 09:00–13: 00; Техникалық күн — жексенбі. Көрме 31.12.25 дейін жалғасады.
«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Сайрам музейі» бөлімі.
Сайрам музейі 1992 жылы сәуір айында тарихшы, профессор М. Мирхалдаровтың бастамасымен ашылды. Сайрам музейі қорында 9 мыңға жуық жәдігер бар. Музей экспозициясы 10 залдан тұрады.
Показать полностью
«Археология» экспозициялық залы: Жер астынан табылған көне заманғы қыш бұйымдар, дәрілік ыдыстардың жасау кезінде пайдаланған ошақтың бөлшектері қойылған. Музей залындағы қыш құмыралар, ыдыстар, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениетінен мағлұмат береді.
«Қазақ этнографиясы» экспозициялық залы: Қазақ халқының ерте замандардан келе жатқан руханияты мен салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігін және ата-бабаларымыздың тұрмыста қолданған заттары, түрлі әшекей-бұйымдары, киіз үйдің бөлшектері, киімдері, ыдыстары қойылған. ХІХ–ХХ ғғ. бас кезінде қолданған әшекей-бұйымдар, үй жиһаздары, тұрмыстық заттар, ер-тұрмандары бар.
«Исфиджаб қаласының шаруашылығы» экспозициялық залы: Қоқан хандарының суреттері, сол уақытта әйелдердің киген пәренжісі қойылған. Сондай-ақ, еңбек құралдары, сауда-саттықта пайдаланған темір аспалы және жер таразылары, ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Сайрамдағы саяси-әлеуметтік оқиғалар, тарихи тұлғалар өмірі жайында баяндайтын құнды фотосуреттер, құжаттар, заттық деректер қойылған.
«Екінші дүниежүзілік соғысы» экспозициялық залы: Сайрамнан шыққан Кеңес Одағының батырларының, соғыс ардагерлерінің киімдері, орден-медальдары, құжаттары қойылған. Музейде 100-ге жуық жауынгерлердің заттары, тарихи суреттері жиналған.
«Қоныс аударған славяндардың тұрмысы» экспозициялық залы: Славян халықтарының салт-дәстүрі, музыкалық аспаптары, дәстүрлі шараушылығы, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, ыдыс-аяқтары мен пайдаланған заттары ұсынылған.
«Өзбек этнографиясы» экспозициялық залы: Өзбек халқының ерте замандардан келе жатқан руханияты мен салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі және тұрмыста қолданған заттары, түрлі әшекей-бұйымдары, киімдері, тоқыма заттары, ыдыстары, музыкалық аспаптары қойылған.
«Тәуелсіздік» экспозициялық залы: Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17–19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдарынан сыр шертетін фотосуреттер, ҚР Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жетістіктері туралы мәліметтер қойылған.
«Еңбек ардагерлері» экспозициялық залы: Досметов Сыдық, Жамалов Ордабек, Н. Юлдашев, Ж. Аязбаев, С. Мирсултанова, С. Юлдашев, Н. Сулейманов, Х. Абдукадирова, Ш. Досметов, Ю. Мадиев, Т. Хайтметовтардың суреттері, ордендері, медальдары, құжаттары, алғыс хаттары қойылған. «Табиғат» экспозициялық залы: Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен құстар, тау жыныстары, дәрілік өсімдіктер коллекциясы ұсынылған.
«Тарихи-орындар» экспозициялық залы: Сайрам мекенінің архитектуралық ескерткіштерінің суреттері атап айтсақ, Ибраһим ата кесенесі, Қарашаш ана кесенесі. Мірәлі баба, Әбдел Әзіз бап кесенелерінің суреттері қойылған. Арабша кітаптардан «Насабнама», «Құран Кәрім» т. б. кітаптар бар.
Келу ережелері: Экспонаттарды қолмен ұстауға — тыйым салынады. Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге — тыйым салынады. 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге келуі керек.
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға музейге кіру — тегін. 7 жастан 18 жасқа дейін — балалар тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде).
Барлық залдарда серуендеуге болатын уақыт 40-тан 90 минутқа дейін. Бармас бұрын мұражайдың жұмыс уақытын ескеріңіз. Техникалық күн-жексенбі. Бұл күні мұражай жұмыс істемейді
Купить билеты на ««Сайрам» музейі» в Чимкенте
Выставка ««Сайрам» музейі» пройдёт 31 декабря 2026 в Чимкенте на площадке Сайрамский музей. Проверьте мероприятие в Т‑Банк Афише и получите кешбек 10% на первый заказ; ориентир по цене — от 150 ₸. Также можно подписаться на обновления этой даты.
Полезно перед покупкой
Куда сходить на выходных: актуальная афиша и билеты
Куда сходить на выходных 17–18 октября 2026: 4542 события с билетами.
Читать →Куда сходить на этой неделе: концерты, театр и шоу
Афиша на неделю 12–18 октября 2026: 9410 событий с доступными билетами.
Читать →Куда сходить в Москве 19–25 октября 2026
Куда сходить в Москве на неделе: 2748 событий, ближайшие концерты, спектакли, шоу и б…
Читать →Частые вопросы
Когда и где проходит «Сайрам» музейі?
«Сайрам» музейі проходит 31 декабря 2026 в Чимкенте на площадке Сайрамский музей.
Сколько стоят билеты на «Сайрам» музейі?
Актуальная цена будет показана в Т‑Банк Афише перед выбором мест.
Где купить билет?
Нажмите «Найти в Т‑Банк Афише» — откроется партнёрская Афиша Т‑Банка. Также можно подписаться на обновления этой даты.
Где посмотреть другие даты «Сайрам» музейі?
На странице артиста или шоу собраны ближайшие даты, города и площадки.